Шымкентте мереке Алтын адам киіміндегі 20 салт аттылар шеруімен ерекшеленді

  ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби алаңында 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шара өтті. Салтанатты жиында аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев елдегі этносаралық татулық пен қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға сүбелі үлес қосқан өңірдегі 18 этномәдени бірлестіктерге облыс әкімінің «Бауырмал» сыйлығын табыстады. Мерекелік шара сондай-ақ Алтын адам киіміндегі 20 салт аттылар шеруімен ерекшеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

null
Алаңға жиналған жұртшылық «Ақ көгершін» композициясын тамашалап, ынтымағы жарасқан түрлі этнос өкілдері өнерпаздарының әнін тыңдады. Алаңнан еліміздегі бейбітшіліктің нысаны іспеттес «Мәңгілік ел» образында безендірілген машина өтті. Отанымыздың ең маңызды мейрамдарының біріне қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша оңтүстікқазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады.

«Халқымызда «Бақ қайда барасың - ынтымаққа барамын» деген дана сөз бар. Елдік болмысымызға тән бұл ұғымды тәуелсіздіктің тұғырлы, мемлекеттің ғұмырлы болуына өзек еттік. Бірлікті басты байлығымыз - Тәуелсіздіктің арқауы етіп айшықтадық. Елбасымыз ұсынған жол, жұрт болып жұмыла ұстанған саясат ширек ғасырда жемісті нәтижесін берді. Бүгінгі Қазақстан бірлігі бекем, тірлігі келіскен, ынтымағы жарасқан елге айналды. Жеткен жетістіктеріміз бен алған асуларымыз аз емес. Бүгін біз Ұлы даланың ұлағатымен Мәңгілік Ел құруға қадам бастық. Күн сайын құбылған замананың иіріміне төтеп беретін қуатты мемлекетті жасаудың қамына кірістік. Елеулі өзгерістер қоғамның барлық саласын қамтып отыр. Жалпыұлттық жаңғыру саяси-экономикалық салалармен қатар, азаматтық санаға да серпіліс алып келмек», - деді әкім.
null 

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстанда бүгінгі таңда 100-ден астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, бірлесе еңбек етіп келеді. Ал облыстағы 20 этномәдени орталық пен аудан, қалалардағы 51 филиалда әр этностың салт-дәстүріне, әдеп-ғұрпына, мәдениетіне байланысты түрлі іс-шараларды өткізуіне барлық мүмкіндіктер жасалған. Сонымен қатар, этномәдени орталықтар жанында 17 жастар қанаты мен 11 жексенбілік мектебі бар.
null null 

Соңғы жаңалықтар