Шымкентте «Mersedes» көлігі жол ортасында толығымен жанып кетті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте «Mersecedes» көлігі жол ортасында толығымен жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте «Mersedes» көлігі жол ортасында толығымен жанып кетті

Оқиға Абай ауданына қарасты Арғынбеков көшесі бойында болды. Жол үстінде өртенген «Mersecedes-Benz» маркалы жеңіл автокөлігі толығымен жанып кетті. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

«Өрт сағат 19:36-да оқшауланып, сағат 19:43-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда» - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.