Шымкентте мейрамхана өртеніп кетті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкентте «Гараж» мейрамханасынан өрт шығып, ғимараттың үстіңгі қабаты өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға орнына ондаған өрт сөндірушілер мен арнайы техника жұмылдырылып, аумақта барлық қауіпсіздік шаралары жүргізілді. Тілсіз жауды ауыздықтауда 12 техника мен 2 су тасымалдаушы көлік қолданылды.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, өрт түс ауа шыққан.
«11-ші мамыр күні Шымкент қаласындағы Республика даңғылы 12 а үйле орналасқан 1,5 қабатты «Гараж» мейрамханасынан өрт шықты. Өрттен 2 адам құтқарылды. Жалынның аумағы анықталып жатыр. Өрт 16.58-де толықтай сөндірілді»,- деді Руслан Иманқұлов.
Өрттің бейнекөрністері мен суреттері де әлеуметтік желілерге тез тарап кетті. Қаланың өрт сөндірушілердің жүйелі жұмыстарының арқасында тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ. Ал, материалдық шығын көлемі анықталатын болады.
В Шымкенте горит кафе Гараж _____ ⠀ В Шымкенте тушат сильный пожар в кафе «Гараж» по проспекту Республики. ⠀ На месте ЧП работают пожарные. Причины пожара пока неизвестны. ____ #shymkentonline #shymkent #шымкент

