Шымкентте миллионнан астам қызғалдақ гүлдеді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент биыл да қызғалдақтар астанасына айналды. Қаладағы гүлзарларда жалпы саны 1 миллион 300 мыңнан аса қызғалдақ гүлдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте миллионнан астам қызғалдақ гүлдеді

Мамандардың айтуынша, маусымдық гүлдердің басым көпшілігі голландық сұрыптағы сары, қызыл, көк, қызғылт және күлгін түсті қызғалдақтар. Қаланы көріктендіруші мамандар оларды арнайы кескіндердің ізімен еккен. Мәселен, базбірі ұлттық ою-өрнектерді бейнелесе, енді бірі қаланың логотипі мен геометриялық кескін пішінінде гүлдеп тұр.

«Енді олар бір айға жуық уақыт бойы гүлдеп тұрады. Содан кейін жазға қарай олардың орнына басқа гүлдер егіледі. Жаздық гүлдер көгалдардың, субұрқақ кешендері мен қала көшелерінің көркін аша түспек», - дейді мамандар.


null null null null null null