10:10, 09 Сәуір 2020 | GMT +6
Шымкентте науқастармен байланыс жасаған 4 адамнан коронавирус табылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін коронавирус жұқтырған 32 адамның төртеуі Шымкент қаласында тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ауру жұқтырғандардың төртеуі Шымкент қаласында тіркелді. Барлығы да коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары бірқалыпты. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынып жатыр. Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
9 сәуір сағат 10:00-дағы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясына шалдыққан 27 адам бар.