Шымкентте нөсер жаңбырдан кейін көшелерді су басты
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте мол жауын жауып, көшелер су астында қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сәйкес, қала аумағындағы жаңбыр суын сору жұмысын үйлестіру үшін департаменттің дағдарыс орталығында жедел штаб құрылған.
Гарнизон бойынша кезекшілікке жеке құрамнан 114 адам, 38 техника, 28 мотопомпа тартылған.
Жаңбыр суын сору үшін 39 мекенжайға күш-құралдар жіберілді.
Жалпы су сору жұмыстарына департаменттің 70 жеке құрамы және 20 техникасы, 32 мотопомпасы, жергілікті әкімшіліктен 14 водовоз жұмылдырылды.Қазіргі таңда 465 текше метр су сорылды.