Шымкентте өгей әке 6 жасар қызын зорлады деген күдікке ілінді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Шымкентте өгей әке кәмелетке толмаған қызына зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22 тамызда Тұран АПБ-на хабарласқан жергілікті тұрғын, 6 жасар қызына бірге тұратын ер адамы сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағанын айтып арызданған.
Полицейлер аталған деректі ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі «жас балаға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша тіркеп, оқиға орнынан бой тасалаған күдіктіні досының пәтерінен ұстады.
«Ол бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотты болған. Жедел уәкілдер тұрғын үйді тексеру кезінде салмағы 4 келіге жуық марихуанаға ұқсас ерекше иісі бар зат салынған сөмке тапты. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі «Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша тіркелді. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде»-делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.