Шымкентте өртенген құрылыс нысанында күзетші қаза тапты
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Демалыс күні Шымкенттегі құрылыс контейнерлерінің бірінен өрт шығып, оқиға орнында бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ТЖ департаментіне сілтеме жасап.
Шаһардың өрт сөндіру қызметіне күндізгі ондар шамасында қоршалған құрылыс нысанынан өрт шықты деген хабарлама түседі. Оқиға орнына 2 арнайы техника мен 11 өрт сөндіруші, сондай-ақ ішкі істер қызметкерлері жеткен.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше тілсіз жау 10.40-тар шамасында ауыздықталып, толықтай өшірілген. Алдын ала болжам бойынша жалын ағашпен қапталған, күзетшіге арналған контейнерден шыққан. Кейіннен ол жерден күзетшінің мәйіті табылды.
Қазіргі таңда 63 жас шамасындағы ер азаматтың қандай жағдайда қаза тапқаны анықталуда.
Айнұр Ақбаева