10:47, 22 Сәуір 2021 | GMT +5
Шымкентте өткен тәулікте covid-19 індетін жұқтырудың 112 жағдайы тіркелді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында өткен тәулікте індет жұқтырудың 112 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 74 адамда ауру белгілері бар болса, 38 адамда симптомсыз болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, 26 адам инфекциялық стационарға жатқызылған. Ал, 86 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1290 орын бар болса, төсек орын толымдығы 36%-ды құрайды. Сондай-ақ, 816 төсек орын бос тұр. Инфекциялық стационарда тағы 474 науқас емделуде.
«Жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 354 626 болса, оның ішінде 21 сәуір күні 2 530 адамға жасалған. Сонымен қатар, қалада вакцина салдырушылар саны артуда. Бір тәулік ішінде 1 897 адам вакцина алды (I компонент-1834, II компонент- 63). Егу науқаны басталғалы барлығы 73 118 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 7065 адам вакцинаның екі компонентін қабылдаған» делінген хабарламада.