10:50, 14 Тамыз 2017 | GMT +5
Шымкентте ойынханаға шабуылдаған үш күдікті ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте полицейлер ойын үйіне қарақшылық шабуыл жасаған үш күдіктіні ұстады, деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметі.
«10 тамызда Шымкенттің ойынханаларының біріне қарақшылық шабуыл жасалды. Түнде ғимаратқа бетперде киген белгісіз біреулер қарумен баса көктей кіргені анықталды. Күзетшіні қарумен қорқытып, олар кассалық аппаратқа оқ атып, ақшаны иеленуге тырысқан. Алайда сәтсіз әрекеттерінен кейін қаскүнемдер оқиға орнынан бос қол бой тасалап кетті», - делінген хабарламада.
Ізінше жедел іздеу шаралары барысында 1986, 1988 жылы туған Шымкент тұрғындары ұсталды.