Шымкентте пара алған судьяға қатысты сот басталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте пара алып жатқан кезде ұсталған судьяға қатысты сот отырысы басталды. Қаратау аудандық сотының бұрынғы судьясы Ермахан Шалановтың ісі Еңбекші аудандық сотында қаралуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Шымкентте пара алған судьяға қатысты сот басталды

Ермахан Шаланов осы жылдың 14-ші қаңтарында судья қызметін атқарып жүріп пара беруші Ж.Еркімбековадан 500 мың теңге ақша алып жатқан кезінде өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері ұстаған болатын. 

Заң өкілінің параны не себепті алғаны әлі айтылмады. Белгілісі, Ермахан Шаланов бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында судьялық қызмет атқарған. 2014 жылы ол Шымкент қаласына қарасты Еңбекші аудандық сотына судья болып келген. 2015 жылдан Қаратау аудандық сотының судьясы болған. 

null

Сурет рател кз алынды.