Шымкентте «Парасаттылық алаңы - 2019» жас ақындар мүшәйрасы өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Шымкент саз колледжінде жас ақындар арасында «Парасаттылық алаңы - 2019» мүшәйрасы өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен қала әкімдігі бірлесе ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте «Парасаттылық алаңы - 2019»  жас ақындар мүшәйрасы өтті

«Асыл – тастан, ақыл жастан» демекші, тың идеялар, жақсы өзгерістер, оң бастамалар жастардан басталады. Осы орайда аталған байқау жастардың бойына сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мен отансүйгіштікті, парасаттылықты кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Адалдық сияқты құндылықтарды насихаттау арқылы ақындар өскелең ұрпақ бойында патриоттықты, адамгершілікті қалыптастыруға ерекше үлес қосады деген үміттеміз. Іс-шараға 10-нан астам жас ақын қатысып, бірінен бірі озған қатысушылар қазылар алқасын және көрермендерді дарындарымен тәнті етті. Мүшәйра қорытындысымен І-орынды Сейдан Жәлімбет, ІІ-орынды Ергешбаева Халида, ІІІ-орынды Керімбеков Аманғали иеленсе, бас жүлде Жұмабаев Мағжанға табысталды. Жеңімпаздар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.