Шымкентте полицейлер үйлену тойының үстінен түсті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте карантинге қарамастан той өткізген тұрғындар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Карантин шектеу шараларына қарамастан отбасылық жиын ұйымдастырып, той өткізушілер саны азаяр емес.
Мәселен 1 ақпан күні сағат 14:00 шамасында Шымкент қаласы полиция департаменті Абай ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне Шымкент қаласы «Самал-3» мөлтек ауданы Алматы тасжолы бойында орналасқан «Ханшатыр» тойханасында той болып жатыр деген хабарлама түскен.
Тәртіп сақшылары ол жерге барғанда тойханада үйлену тойы болып жатқаны анықталды.
Бұл факті бойынша жиналған материалдар санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.