Шымкентте полиция қызметкерлеріне күш көрсеткен азаматтардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте полиция қызметкерлеріне күш көрсеткен азаматтардың үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкентте полиция қызметкерлеріне күш көрсеткен азаматтардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Желтоқсанның 28-інде орын алған Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ-ның 3 полиция қызметкеріне күш қолдану фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Аталған бап бойынша жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленеді. Қазіргі таңда, Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ-мен ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес 3 күдікті ұсталып, уақытша қамау абақтысына жабылды» делінген хабарламада.

Полиция департаментінің мәліметіне сай, қазіргі кезде тиісті тергеу амалдары жалғасуда.