Шымкентте пойыз астына түсіп кеткен жасөспірім аяғынан айырылды

None
None
  ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте тоғыз жастағы баланы пойыз басып кетті. Келеңсіз жағдай бес күн бұрын қаланың іргесіндегі Тоғыс ауылында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

 «Қазығұрт» стансасы Желілік полиция бөлімінің бастығы Әділ Сайрамбаевтың сөзінше, тауар таситын жекеменшік пойыз Шымкенттегі цемент зауытына тиесілі болған.

«9 жастағы бала мектеп-интернаттың тәрбиеленушісі екен. Оны әкесі өткен бейсенбіде үйіне алып келеді. Олардың үйі темір жолдың бойында орналасқандықтан, бала сол жерде ойнап жүрген. Ал, келеңсіз жағдай орын алған күні 22 вагон тиелген отарба Тоғыс ауылынан тас алып келе жатқан. Ауыл шетінен жай жылдамдықпен өтіп бара жатқан поездың соңғы вагонына бала барып жармасқан. Сол кезде оң аяғы поездың астына кіріп кетіпті»,-дейді Әділ Сайрамбаев.

Қалалық балалар ауруханасына жеткізілген жеткіншектің жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалауда. Оның оң аяғын кесіп тастауға тура келіпті. Сөйтіп, ойнап жүріп от басқан бала мүгедек болып қалған. Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп,  Қылмыстық кодекстің 344-бабы «Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу» бойынша іс қозғалған. 

Соңғы жаңалықтар