Шымкентте пойыздың жүк көлігін соғуына жүргізушінің жүрек ауруы себеп болуы мүмкін

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте электровоз бен «Howoның» соқтығысуына жүк көлігі жүргізушісінің жүрек ауруы себеп болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ауруханаға түскен жүргізушінің туыстары айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте пойыздың жүк көлігін соғуына жүргізушінің жүрек ауруы себеп болуы мүмкін

null

Жүк көлігін тізгіндеген Серік Таштаевтың туыстарының сөзінше жол апатының алдында жүргізушінің жүрегі сыр берген болуы мүмкін. Себебі, ол бұған дейін де жүрек тұсы ауыратынын ескерткен екен.

null 

«Күйеуім соңғы кездері жүрегім ауырады деп айтып жүрді. Соған байланысты дәрігерлерге де қаралды. Кейін емі қалып қойды. Жалпы жүргізушілік еңбек өтілі 20 жылдан асады», - деді келіншегі Сәуле Таштаева.

null 

Қазір 47 жастағы жүргізуші ауруханада жатыр. Оның жағдайын дәрігерлер орташа деп бағалауда. Жедел нейрохирургия бөліміне ауыстырылған науқастың бас жарақаты бар және аяғы сынған. Сондай-ақ, астыңғы жақ сүйегіне қатты зақым келіпті.

null 

Естеріңізге салайық, темір жол бойындағы жол апаты кеше кешкісін сағат 16:09-дар шамасында, Тассай елді мекенінің маңында болған. Теміржолға шығып кеткен жүк көлігі электровозбен соқтығысып, пойыз аударылып қалған еді. «Howo» ауыр жүк көлігі көлігі де мыжылып, бір шетке ұшып кеткен. Зардап шеккендерді алып шығу үшін, өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері мен 1 техникасы тартылды. Қысылып қалған жүргізушіні құтқарушылар арнайы гидроқайшылардың көмегімен кабинаны кесті. Содан кейін жарақат алған азамат шығарылып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда, Шымкент желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жол апатына байланысты тексеру шараларын жүргізуде. Анықтау жұмыстары аяқталған соң ғана жол апатының себеп салдары белгілі болмақ. 

null null