Шымкентте Президент Жолдауы жаңа форматта түсіндірілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте Президент жолдауы жаңа форматта түсіндірілді. Қала активі бас қосқан жиында басқарма басшылары маңызды құжат туралы пікірлерімен бөлісіп, Жолдаудың тармақтарына сәйкес нақты жоспарларын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте Президент Жолдауы жаңа форматта түсіндірілді

Актив отырысында негізінен кәсіпкерлік пен туризмді дамыту, коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту, мектептер мен балабақшалар салу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және жастарды қолдау мәселелері сөз болды.

Мәселен, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов Шымкентте «Жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асу нәтижесін айтып өтті.

Оның сөзінше, бағдарлама қалада мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген және бұл бағытта жұмыс жалғасын табады деп сендірді. Ал, Білім басқармасының басшысы Ақерке Абылайхан келер жылы Шымкентте 10 мектептің құрылысы басталатынын атап өтті. Оның екеуі жергілікті бюджеттен салынса, қалғаны - республикалық бюджеттен соғылатын болды.

null

Сондай-ақ, жиында ЭжКШ басқармасының басшысы Нұрлан Аманқұлов коммуналдық сектордың дамуы туралы баяндама жасап, қала әкімі халықты кәріз жүйесімен қамтамасыз етуді жоғары деңгейге көтеру туралы тапсырма бергенін тілге тиек етті.
null