Шымкентте прокурорға пара бермек болған әйел 7 жылға сотталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте прокурорға пара бермек болған күдікті сотталды. Оған тергеу барысында жалған кәсіпкерлікпен айналысқан және жетекшілік еткен деген айып тағылған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте прокурорға пара бермек болған әйел 7 жылға сотталды

Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті күдіктіге қатысты тергеу шараларын жүргізіп, аяқтаған. Қылмыстық істі қараған қалалық прокуратураның басқарма бастығы орынбасарына Тикунова К. 4 млн теңге көлемінде пара берген. Осы арқылы ол өзіне қатысты қылмыстық істі қысқартуды сұраған.

Әл-Фараби аудандық соты кеше айыпталушыны аталған қылмыстар бойынша кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушының мүлкі тәркіленеді. Сотталушы сондай-ақ, өмір бойына коммерциялық ұйымдарда немесе басқа да мекемелерде басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды.