Шымкентте провизорлық орындардың 90 пайызы босады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте пневмонияға шалдыққан науқастарды емдейтін провизорлық орындардың 90 пайызы босаған. Бұл туралы қаланың денсаулық сақтау басқармасы ресми мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Басқарманың мәліметінше, емдеу мекемелерінде инфекциялық ауруға шалдыққан науқастарды емдеуге арналған 2810 төсек-орын бар. Оның ішінде 650 инфекциялық, 2160 провизорлық төсек-орын саналады.

Бүгінде стационардағы төсек-орындардың 90 пайызы босаған. Қолайсыз эпидемиологиялық ахуал кезінде COVID-19 инфекциясымен күресу үшін медициналық ұйымдарда 26 провизорлық стационар жұмыс істеген болатын.

Сонымен қатар, шаһардағы емханалар жанынан құрылған 133 мобильді топ тәулік бойы көмек көрсетіп келеді.

Олар қазіргі таңға дейін 25 мыңға жуық науқастың үйіне барып, медициналық қызмет көрсеткен.


Соңғы жаңалықтар