Шымкентте «Рамазан қоржыны» таратылуда

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Шымкентте «Рамазан қоржыны» таратылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қасиетті Рамазан айында Шымкент қаласы әкімдігі мен орталық мешіт жамағаты игі істі қолға алды. Қос тараптың ұйымдастыруымен қалада «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы өтіп жатыр. Мұнда азық-түлік салынған себеттер мұқтаж отбасыларға таратылуда.

«Бұл игі бастамаға қаладағы барлық кәсіпкерлер де қолдау білдіруде. Күн сайын эстафета түрінде мұқтаж отбасыларға ауызашар орнына азық-түлік салынған «Рамазан қоржыны» себеті таратылуда. Оның ішінде күріш, қант, өсімдік майы, шай, ұн, макорон, тәттілер, құрма т.б. тауар түрлері бар. Көпшілікті игі шараға қолдау білдіруге шақырамын», - деді Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы.

Айта кетейік, рамазан айының алғашқы екі күнінде Шымкенттік 700 отбасына «Рамазан қоржыны» берілді.


Соңғы жаңалықтар