Шымкентте салымшылары алданып қалған ломбард директоры ұсталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте «ESTATE Ломбард» ЖШС-нің директоры қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте салымшылары алданып қалған ломбард директоры ұсталды

Департамент баспасөз қызметінің мәліметінше, алданған салымшылар полицияға жаппай арыз түсірген. Қазіргі таңда «ESTATE Ломбард» пен «Гарант 24» ЖШС-теріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

«ESTATE Ломбард» ЖШС мен «Гарант 24» ЖШС-не қатысты Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3- бөлігімен іс қозғалған. Жедел іздестіру шаралары барысында ломбард директоры ұсталған. Қазіргі таңда «Гарант 24» ЖШС директорын ұстауға қатысты қажетті шаралар жүргізілуде» делінген хабарламада.