Шымкентте стенд атудан халықаралық турнир басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте стенд атудан КСРО спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналған халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен атап өткендей, сайысқа Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен Қарағанды, Павлодар, Жамбыл облыстарының спортшылары, сондай-ақ шет мемлекеттерден Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан мергендері қатысуда.

Жарыс 30 қазан күні мәресіне жетеді.

Соңғы жаңалықтар