Шымкентте тәртіп пен ел тыныштығын сақтауға үлес қосқан 16 азамат марапатталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің «Түркістан» сарайында 7 мамыр - ҚР Отан қорғаушылар күні мерекесіне арналған салатанатты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкентте тәртіп пен ел тыныштығын сақтауға үлес қосқан 16 азамат марапатталды

Мерекелік жиынға қатысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов барша тұрғындар мен жауынгерлерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

Мерекелік жиында елдің қорғаныс қабілетін күшейту мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, азаматтардың мүдделері мен құқықтарын және заңдылықты қорғауға үлес қосқан 16 құқық қорғау қызметкері мен әскери, өрт сөндіруші қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

nullШарада «Жас ұлан» әскери мектеп сарбаздарының салтанатты шеруі ұйымдастырылып, эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекованың ән шашуымен жалғасын тапты. Бұдан бөлек, көрермендер атаулы күнге орай дайындалған арнайы мерекелік бағдарламаны тамашалады.