Шымкентте Тәуелсіздік күні қарсаңында қайырымдылық шарасы өтті
Кездесуде Мадина Ермағанбетова балаларды 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, өткізілген шараның мақсаты балаларға қуаныш сыйлау екенін жеткізді. Бүлдіршіндерге алдағы уақытта сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. Оларға түрлі сыйлықтар үлестірді.
«Балаларымызға қамқорлық көрсетіп, олардың бойына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастырғымыз келді. Жеткіншектерді кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулуға үлес қосуды мақсат тұттық»,- дейді Мадина Ермағанбетова.
Акцияға арнайы келген «Оңтүстік цирк» ұжымы да балалардың көңіл-күйін көтеруге арналған дамытушылық ойындарын ойнатып, іс-шараның көркін қыздырды.
Айта кетейік, қалалық гипербариялық оттектеу орталығының бас дәрігері Мадина Ермағанбетованың бастасымен Тәуелсіздік күніне орай балаларға арналған қайырымдылық акциясы жыл сайын ұйымдастыралып келеді.