Шымкентте теннисші қыздар арасында өткен халықаралық турнир мәресіне жетті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласындағы Ұлттық теннис орталығында ITF Women's халықаралық турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.
ITF Women's халықаралық турнирінің жүлде қоры 15 мың АҚШ доллары.
Жарыстың жұптық сынағында 1-орында ресейлік теннисші Eкатерина Казионова мен Анастасия Захарова.
2-орынды Тамара Чурович (Сербия) мен Eлена Мылыгина (Эстония) жеңіп алды.
Жекелеген сайысты 1-орын жүлдесін Дарья Kружкова (Россия) иеленді.
2-орында тағы бір ресейлік теннисші Анастасия Захарова.