Шымкентте теннистен халықаралық «Shimkent-Challenger» турнирі басталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкентте теннистен «Shimkent-Challenger» халықаралық турнирінің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Әлемнің 18 елінен келген спортшылар корт алаңында бәсекелесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Шымкентте теннистен халықаралық «Shimkent-Challenger» турнирі басталды

Турнирдің ашылу салтанатында Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев қатысушыларға сәттілік тілеп, жергілікті жастардың жігерін қамшылады. Байрақты бәсекеде ел құрамасының теннисшілері Александр Недовесов пен Андрей Голубев өнер көрсетуде. Ал, түстік өңірдің 1-ші ракеткасы Роман Хасанов аргентиналық Роналд Паспен қарым-қабілетін пайымдамақ.

Айта кетейік, жарыстың жалпы жүлде қоры -  50 мың АҚШ долларын құрайды. 1-ші орын иегеріне 8 мың доллар қаржылай сыйлық беріледі.