Шымкентте теннистен халықаралық «Shymkent Women`s» турнирі өтеді
АЛМАТЫ. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Шымкентте теннистен ITF PRO CIRCUIT сериясындағы халықаралық «Shymkent Women`s» турнирі өз жалауын көтереді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Теннис федерациясының интернет сайтына сілтеме жасап.«Сұңқар» спорт кешенінде өтетін бұл жарысқа 14 жастан ересек теннисшілер қатыспақ. Оған Беларус, Бразилия, Израил, Өзбекстан, Ресей, Түрікменстан, Украина және Үндістан сияқты 20-дан астам елдің спортшылары қатысады деп жоспарланып отыр. Оларға австриялық Вернер Хотзингер бастаған қазылар алқасы төрелік жасайды. Жүлде қоры 10 мың АҚШ долларын құрайтын бәсеке сәуірдің 18-іне дейін созылмақ. Бұл байрақты бәсекені Қазақстан Республикасының Теннис федерациясы мен қазақстандық Теннис туры ұйымдастырып отыр.