Шымкентте Tide және Ariel кір жуатын ұнтағын қолдан жасап сатып келген цех табылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте контрафакт өнімдерін жасап, сатып келген жасырын цех әшкере болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде контрафакті өнімдерін дайындайтын астыртын цехтың жұмысы тоқтатылды.

«The Procter & Gamble» компаниясының «Tide», «Ariel» және «Миф» маркалы тұрмыстық химия өнімдерінің сауда белгісін заңсыз пайдалану фактісі анықталды.

Тінту кезінде 1 790 қап контрафактілік тұрмыстық химия заттары, контрафакті өнімдерін өлшейтін және дайындайтын құрылғылар табылып, тәркіленді.

Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жарияланбайды.


Соңғы жаңалықтар