Шымкентте ТМД елдерінің сақшылары бірлесіп, 11 қылмыскерді ұстады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте «Іздеу» операциясы барысында 11 қылмыскер құрықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сай Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ІІМ арасында қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес, 2021 жылдың 17-18 наурызы аралығында республикадан тыс жерлерде жасырынып жүрген қылмыскерлерді іздестірудің тиімділігін арттыруға бағытталған «Іздеу» бірлескен операциясы өткізілдуде.
«Іздеу» операциясының бірінші күні Шымкент қаласында барлығы 11 қылмыскер құрықталды. Сондай-ақ, 7 хабар-ошарсыз жоғалған азамат табылды.
Жалпы бұл іс-шараның негізгі мақсаты - қылмыстың алдын алу және із-түзсіз жоғалғандарды іздеу, қылмыстық жағдайды жақсарту, қылмыстың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету болып табылады.