Шымкентте төбесі жабылған базарда өрт шықты - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 26 қазан. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында жұма күні кешке «Жабық базар» ЖШС бір қабатты көтерме сауда орталығыныңң ғимаратында өрт шықты.
Тілсіз жау бір сағаттан кейін жойылды. Оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 10 техникасы мен жеке құрамның 69 адамы жұмылдырылды. Өрт шарпыған аумақ 108 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.