Шымкентте төртінші қабаттан құлап кеткен бүлдіршін көз жұмды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 4 жасар бүлдіршін байқаусызда төртінші қабаттан құлап кетті. Жедел түрде ауруханаға жеткізілгенімен ол қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте төртінші қабаттан құлап кеткен бүлдіршін  көз жұмды

Шымкент қаласы ТЖД мәліметінше, қайғылы жағдай Гагарин көшесінің бойындағы 5 қабатты тұрғын үйде орын алған. Төрт жасар ұл бала ата-анасының қарауынсыз қалып, 4-ші қабаттағы баспалдақ аралығындағы терезеден құлағаны анықталды. Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖ департаментінің мамандары барып, мән-жайды сұрастырып білген. Қазір бұл жағдаймен полиция айналысып жатыр.

Айта кетейік, үшінші мегаполисте жыл басынан бері балалардың терезеден құлауының 7 жағдайы тіркелген. Төрт жағдайда балалар қайтыс болса, үшеуінде балалар түрлі дене жарақатын алған.