Шымкентте түн ішінде төбелескендер бірін-бірі басынан ағашпен ұрған

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте түн ішінде төбелескендер бірін бірі басынан ағашпен ұрған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуемттік желіде түн ішінде Шымкент көшелерінде бірін-бірі аяусыз ұрған азаматтардың видеосы тарады. Онда екі жігіттің ерегісінің соңы үлкен төбелеске айналған. Тіпті, бірін-бірі басынан ағашпен аяусыз ұрып жатқанын көруге болады.

Ал, Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жағдай бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Бейнежазбада көрсетілген жайт Қаратау ауданының полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 293-бабы «бұзақылық» бойынша тіркелді. Сондай-ақ, орын алған оқиға бойынша полицияға ешқандай арыз-шағым түсірілмегенін хабарлаймыз. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Видеодан алынған кадр



Соңғы жаңалықтар
telegram