12:36, 01 Маусым 2017 | GMT +5
Шымкентте ҰҚК-нің қызметтік куәлігін қолдан жасаған әскери мен оның сыбайласы сотталды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте ҰҚК-нің қызметтік куәлігін қолдан жасап алған әскери мен сыбайласы сотталды. Шымкент гарнизоны әскери соты Тараздың екі тұрғынын екі жыл шартты жазаға кесті.

Істі қараған Шымкент гарнизоны әскери сотының төрағасы Ғалым Жанбатыровтың сөзінше сотталған екеу куәліктерді осы жылдың наурыз айында жасап алған. Оған суреттерін жапсырып, аға лейтенант шенін көрсеткен. Осылайша сыбайластар әскери бөлімшеге емін-еркін кіріп, шығып жүреді. Тіпті жалған куәліктеріне әскери бөлімнің мөрін басып алады.
Содан кейін олардың алаяқтық әрекеттері әшкере болды. Тергеу барысында күдіктілер жасаған қылмыстарын толық мойнына алып, барлығын айтып берген. Енді сотталған екеу екі жыл бойына шартты жазасын өтемек. Десе де сот үкімі осы айдың 7-сі күні күшіне енеді.