Шымкентте вакцинациялау жұмыстары демалыс күндері де жүргізіледі

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов қала тұрғындарын демалыс күндері вакцина салдыруға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте вакцинациялау жұмыстары демалыс күндері де жүргізіледі

«Қазір қаладағы барлық емханада вакцина егу жұмыстары жүріп жатыр. Балалар қысқы демалысқа шықты. 12-18 жас аралығындағы балаларыңыз болса Pfizer вакцинасын салдыруға шақырамын. Өздеріңіз де ревакцинация жасаңыздар», - деді Б. Позилов.

Вакцинациялау жұмыстары 38 медициналық ұйымдағы екпе бекеттерінде жасалып жатыр. Оның 13 - і мемлекеттік емхана болса, 24 - і жекеменшік медициналық орталықтар. Жалпы, Шымкентте екпе егу науқаны басталғалы барлығы 592 240 адам вакцинацияланған. Оның ішінде 573 283 адам екпенің екі компонентін алды.

Pfizer вакцинасының I компонентін 15 295 адам, II компонентін 6 054 адам қабылдады. Ал, 29 547 адам ревакцина жасатты.