Шымкентте заманауи оқушылар сарайы салынып жатыр

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі «Нұрсәт» ықшамауданында заманауи оқушылар сарайы салынып жатыр. Жаңа нысан 7-18 жас аралығындағы 500 оқушыға шақталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Шымкентте заманауи оқушылар сарайы салынып жатыр

«Бұл жоба оқушыларды сабақтан тыс уақытта әртүрлі үйірмелерге қатыстыруды, баланың спорттық, ғылыми, мәдени әлеуетін дамытуды көздейді. Үш қабатты ғимарат 3 ірі блоктан тұрады. Онда оқу залдары, акт залы, 35 адамдық асхана бар. Сонымен қатар, 81 орындық көлік тұрағы да қарастырылған», - деп жазды ведомстводан.

Қазір 42 пайыз құрылысы аяқталған нысан келер жылы пайдалануға берілмек.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте ТМД-да баламасы жоқ электромобиль құрастырылып жатқанын хабарлаған болатынбыз. Нұрсұлтан, Абылай, Дәурен есімді 3 жігіт «Beren motors» атты шағын кәсіпорын ашып, ескі көліктерден электромобиль жасауда.