Шымкентте заңсыз газ эскпорттап келгендер ұсталды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте сұйылтылған газдың аса ірі көлемдегі экономикалық контрабандасы мен заңсыз тасымалдау деректері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметтеріне сілтеме жасап.
Агенттік таратқан ақпараттарға қарағанда, Шымкент қаласының екі тұрғыны 2017 жылдан 2020 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта жалған құжат жасай отырып, Тәжікстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикасының аумағына 700 тоннадан астам сұйылтылған газды заңсыз тасымалдаған және экспорттаған.
«Шымкент қаласының Абай аудандық соты іс бойынша екі айыпталушыны үш жылға бас бостандығынан айырды (ҚР ҚК-нің 234-б. 2-б. 1) және 4-тармақтары, 197-б. 4-б. 2-тармағы). Мемлекет кірісіне жалпы сомасы 110 млн.теңгеге 720,8 тонна сұйылтылған газ айналдырылды»,-делінген хабарламада.