Шымкентте заңсыз жұмыс істеген «қаржы полицейі» ұсталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жалған қаржы полицейі ұсталды. ОҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, 1984 жылғы ер адам қалалық көлік жуу орнының маңында көзге түскен. Тінту кезінде оның атына ресімделген аға лейтенант шеніндегі қаржы полициясы қызметкерінің куәлігі табылды.

Шымкентте заңсыз жұмыс істеген «қаржы полицейі»  ұсталды

«Ұсталған азамат бұл құжатты жасыруға тырысты. Ол көлік жуу орнының бір қызметкерін куәлікті жасыруын сұраған», делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары бұл азаматтың қаржы полициясы органдарында жұмыс істемейтіндігін анықтады. Сондай-ақ оның «куәлігі» де жалған болып шықты. Ұсталған азаматты Абай аудандық ІІБ жеткізді. Бүгінде полицейлер оның куәлікті қайдан алғанын анықтауда. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 325 бабы «Жалған құжат, штамп, мөр, бланкі, мемлекеттік наградаларды жасау, сату» бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.