Шымкентте жаңа жолайырық салынатын болды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі Астана даңғылының бойынан жаңа жолайырық салынады. Бұл жоба қаланың орталық көшелеріндегі көлік қозғалысын азайту мақсатында жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Шымкентте жаңа жолайырық салынатын болды

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жолайырықтың ұзындығы 6 шақырымға жетеді. Бұл көше Шымкенттің әкімшілік-іскерлік орталығы мен Тассай тұрғын алабын байланыстырады деп жоспарланған. Мамандардың сөзінше, қазіргі таңда Астана даңғылының бойы да көркейтілуде. Мұнда ұлттық үлгідегі шағын сәулет құрылымдары қойылып, жарықшамдар орнатылған. Сахнасы бар үлкен гүлзар ашылып, шағын гүл алаңшалары егілген.

Бұған қоса, Шымкенттің бас жоспарына сәйкес, «Нұрсәт-3» шағынауданының сай-саласында спорт және балалар алаңшалары мен демалыс саябақтары бой көтереді деп күтілуде.