Шымкентте жаңадан салынып жатқан «Скат» әуе компаниясының терминалынан өрт шықты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте «Скат» әуе компаниясына қарасты жаңадан салынып жатқан терминалда өрт шықты. Төрт қабатты ғимараттағы өртті сөндіруге төтенше жағдайлар қызметкерлерімен қатар әскерилер де жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жалын бүгін таңғы 06.55-те шыққан. Өрт туралы хабарлама түсе салысымен оқиға орнына №2 шақырту бойынша төтенше жағдайлар қызметінің 13 техникасы мен жеке құрамнан 40 адам және апаттық медициналық орталығының қызметкерлері жұмылдырылған. Сондай-ақ, №55652 әскери бөлімінен 6 қызметкер мен 2 дана техника және әуежайдың мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметінен 7 қызметкер мен 2 дана техника жеткен.

«Өрттің салдарынан терминалдың шатырының көлемі 270 шаршы метр болатын ағаш бөренелері жанып кеткен. Өрт сағат 07:27-де оқшауланып, сағат 07:35-те толығымен сөндірілген. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталуда» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар