Шымкентте жаңажылдық шырша шамы жағылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкенттегі Әл-Фараби алаңында жаңажылдық шырша шамы жағылды. Шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов арнайы қатысып, барша қала тұрғындарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Шымкентте жаңажылдық шырша шамы жағылды

«Оңтүстік Қазақстан облысы жаңа жылға жаңа табыстармен келіп отыр.

null 

Күні кеше ғана ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өттік. Ширек ғасырлық жемісті жұмыстарға оңтүстікқазақстан халқының да қосып отырған үлесі орасан», - деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.

null 

Қала тұрғындары енді жаңа жылды қарсы алуға қамданып-ақ кетті. Әл-Фараби алаңында өткен іс-шараға 400-ге жуық өнерпаз қатысып, арнайы шеру ұйымдастырды. 200-ге тарта Аяз ата мен қарша қыз ертегі кейіпкерлерінен көрініс қойды. 

null 

Мерекелік шара соңы отшашуларға ұласты.

null 

Қала әкімдігі тарапынан Жаңа жылдық көріктендіру жұмыстары кезінде шаһардың 3 нүктесінде Жаңа жылдық шырша шамы жағылды. Олар жеке-жеке Әл-Фараби алаңында, Шәмші аллеясы мен облыстық әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан.

null