09:29, 27 Мамыр 2013 | GMT +5
Шымкентте және Таразда 3-4 балл қуатымен жер сілкінді - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше Тәжікстан Республикасының аумағында түс ауа жер сілкінді, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.

Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 817 шақырым жерде орналасты. Оның энергетикалық дәрежесі К=13,7, тереңдігі 10 шақырым. MSK-64 шкаласы бойынша жер асты дүмпуі Шымкентте 3-4 балл және Таразда 3-4 балл қуатымен сезілді. Жапа шеккендер туралы мәліметтер жоқ.