Шымкентте жедел жәрдем көлігі мен джип соқтығысып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте жедел жәрдем көлігі мен Volkswagen Touareg соқтығысып қалды, деп хабарлайды tvk-uko.kz.

Шымкентте жедел жәрдем көлігі мен джип соқтығысып қалды

Жол-көлік оқиғасы Иляев және Гоголь көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем көлігі басты жолмен келе жатқанда оны келіп жол талғамайтын көлік соққан. Содан соң жедел жәрдем көлігі ағашқа соғылған.

Оқиға салдарынан оның жүргізушісі ес-түссіз ауруханаға жеткізілді.

Апат болған жерде тергеушілер жұмыс істеп жатыр.