Шымкентте жедел жәрдем қызметінің жаңа бекеттері ашылды
Ақжайық шағынауданында ашылған бекетте 10 бригада 150 мың тұрғынға медициналық көмек көрсетеді деп жоспарланып отыр. Мұнда жұмыс бөлмелері заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылған. Диспетчерлік бөлме мен фельдшер кабинеті, дәріхана қоймасы мен қызметкерлердің демалыс бөлмесі бар. Бекетте мамандар ғаламтор арқылы науқастың мекенжайын анықтап, диагнозымен таныса алады. Ал, өзге екі бекет бүгіннен бастап 9 мың және 12 мың тұрғынға қызмет көрсетуді бастады.
Айта кетейік, тұрғындардың шақыртулары мен шағымдардын саралаған мамандар осы үш шағынауданға бекеттердің қажеттілігін анықтаған. Енді жаңадан ашылған бекеттердің арқасында жедел жәрдем бригадаларының науқастарға жету уақыты азаяды деп болжануда. Бүгінде шаһарда 81 бригада қымет көрсетеді. Алайда тиісті талаптар бойынша миллионнан аса тұрғыны бар қалада 100 бригада жұмыс істеуі қажет. Бұл ретте денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов жедел жәрдем қызметінің сапасы жақсартуда түрік кәсіпкерлерімен меморандум жасалғанын атап өтті. Соның аясында келер жылы жаңадан 100 жедел жәрдем көлігі жеткізілмек.