Шымкентте жеңіл көлікпен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 16 тамыз түнгі сағат 03:00 шамасында Шымкенттегі Абай даңғылы бойында Opel vectra автокөлігі мен Yamaha мотоциклі соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкентте жеңіл көлікпен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі мерт болды
Видеодан алынған кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Салдарынан 28 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Ал Opel жүргізушісі мен 3 жолаушысы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Аталған жайтты Шымкент қалалық Полиция департаменті Анықтау басқармасы ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.