Шымкентте жоғалған баланың денесі Қарасу өзенінен табылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жоғалған 2 жасар  бүлдіршіннің мәйіті Қарасу өзенінің Бадамға құятын тұсынан табылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі жария етті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте жоғалған баланың денесі Қарасу өзенінен табылды

«Шымкент қаласының әкімдігі Әлинұр Ерболатұлының ата-анасына көңіл айтады. Құтқарушылар Қарасу каналаның Бадамға құяр жерінен баланың денесін тапты» делінген хабарламада.

Еске салсақ, 11 наурыз күні сағат 14.00-де Шымкентте тойхананың алдында бала жоғалған болатын. Іздеуге 100-ге тарта адам жұмылдырылған. Құтқарушылар каналдың арнасын жауып, іздестіру жұмыстарын жүргізген.

«Өкінішке қарай, үміт ақталмады. Әлинұрдың ата-анасы мен туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз және барлық ата-аналарды мүмкіндігінше балаларына мұқият болуға шақырамыз» делінген хабарлама мәтінінде.