Шымкентте жоғалып кеткен 3 жасар бала тойхана маңынан табылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте 3 жасар бүлдіршін ойнап жүріп, жоғалып қалған. Өздігінен іздеп таба алмаған ата-анасы полицияға арызданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кішкентай баланы соңғы рет көргендер Гагарин көшесінің бойында жүргенін айтқан. Аталған жайт бойынша Жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция полкінің 6-рота №881 автоэкипажының қызметкерлері оқиға орнына жеткен. Жоғалған бүлдіршін Гагарин көшесі бойындағы «Шымқала» тойханасының маңайынан табылған.
Полиция қызметкерлері баланы дін аман анасына тапсырды.