Шымкентте жоғалып кеткен қызды табуға көмектескен адамға 50 мың доллар төленбек

ШЫМКЕНТ. 18 қазан. ҚазАқпарат - Шымкентте жоғалып кеткен қызды іздеуге көмектескен адамға 50 мың доллар төлейді.

Шымкентте жоғалып кеткен қызды табуға көмектескен адамға 50 мың доллар төленбек

Қыз тоғыз тәулік бұрын жоғалып кеткен. Осы уақыт бойы оның қайда екені белгісіз. Қыздың ата-анасы балаларын іздеуге көмектескен адамға ақшалай сыйақы беретіндігі жөнінде хабарлады. Нұрай Өмірәлі мектептен кейін жоғалып кеткен. Ата-анасының сөзіне қарағанда, баланы мектептен егде жастағы әйел алып кеткен. Алайда қыз бен бейтаныс әйел әлі табылған жоқ.

Ата-анасының айтуынша, жоғалған қыз үстіне ақ күртеше, қошқыл түсті юбка және ақ шұлық киген. Ақ түсті аяқ киімі болған.