19:49, 11 Шілде 2017 | GMT +5
Шымкентте жол апатынан 8 адам зардап шекті, екеуінің жағдайы ауыр
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жол апаты орын алып, одан 8 адам зардап шекті. «Хундай акцент» пен «Нива» көліктерінің соқтығысуы салдарынан екі жолаушы ауыр жараланған , деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Белгілі болғандай, жол-көлік оқиғасы қаладан шыға берістегі Темірлан тас жолында болған. Куәгерлердің сөзінше, «Ниваның» жүргізушісі бұрылып жатқан сәтте екінші көлікті байқамай қалған. Екі көлікте 9 адам болғаны анықталды. 8-і түрлі дене жарақатын алған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі оларға көмек көрсетті. Орташа жарақат алғандар мен жағдайы ауыр деген екі адамды ауруханаға алып кеткен. Абырой болғанд,а адам өлімі тіркелмеді. Қазір өңірдің жергілікті полиция қызметкерлері жол- көлік оқиғасының себеп-салдарын анықтауға кірісіп кетті. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.