Шымкентте жол бойында төбелескен автобус жүргізушілеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жолдың бойында төбелісіп қалған автобус жүргізушілеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы Данияр Мейірхан мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Оның сөзінше, қазіргі таңда екі жүргізушіге қатысты Қылмыстық кодекстің 293 бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Істі Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің анықтаушылары қарауда. Ал, екі жүргізушінің жұдырықтасуына аялдамадағы орын мен көп жолаушыны мінгізу үшін талас себеп болыпты.

Еске салайық, күні кеше ғана қала көшелерінің бірінде екі автобус жүргізушісінің төбелескені жайлы видео әлеуметтік желілерге тарап кеткен болатын. Кейіннен автобус тізгіндегендердің шаһардағы жолаушы тасымалдайтын «Green bus» компаниясының жүргізушілері екені белгілі болды. Олар қоғамдық көліктердің жүргізушілері бола тұра жолаушылардың көзінше төбелесіп, бір-біріне қол жұмсаған. Кейіннен қос жүргізушінің ерсі қылықтарынан хабардар болған компания басшылығы екеуінің де жұмыстан шығарылғанын мәлім етті. 

Соңғы жаңалықтар