Шымкентте жол көлік оқиғасынан аман қалған бүлдіршін есін жиды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жол көлік оқиғасынан аман қалған бүлдіршін есін жиды. Бұл туралы облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері  мәлімдеді. Айтуларынша жағдайы ауыр күйінде түскен балаға сол күні-ақ ота жасалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

«Бала ауруханаға түсе салысымен бірнеше дәрігер жиналып, оның жағдайын тексердік.  Жағдайы ауыр болды. Ота жасадық. Қанды тоқтатып, санация жасалды. Соның арқасында баланың беті бері қарап, есін жиды», - деді облыстық аурухананың бас дәрігері Әнуарбек Маймақов.

Еске салайық, демалыс күні Шымкентте түнгі сағат 01.30 шамасында жол-көлік оқиғасы орын алып, «Тойота камри» маркалы автокөлік «Тойота Ланд крузер 200» көлігімен соқтығысқан болатын. Ауыр жарақат салдарынан баланың әке-шешесі, 1972 жылы туған «Тойота ланд крузер 200» көлігінің жүргізушісі мен оның жанында болған әйелі оқиға орнында көз жұмған еді. Олардың ұлы, яғни 2011 жылы туған жеткіншек түрлі дене жарақаттарымен облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген болатын. Ал кінәлі жүргізуші екі сағаттан соң полицияға өзі келіп, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазір ол уақытша тергеу абақтысына жабылып, тергеу шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар